Жаңалықтар

Алакөлде заңсыз балық аулаған ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды

Алакөлде заңсыз балық аулаған ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды
Фото: Pixabay.com 27.04.2023 15:45 591

Алакөлде моторлы қайық, тормен жүріп, заңсыз аулаған балықтарымен браконьер ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Жетісу полицейлері өңірдің балық шаруашылығы инспекторларымен бірлесіп, Алакөл көлінде браконьерлікпен айналысқан 44 жастағы ер адамды ұстады. Ол көрші Абай облысының тұрғыны болып шықты. Тәртіп сақшылары 30 келі заңсыз ауланған көксерке балығын тәркіледі

«Мемлекетке келтірілген залал 400 мың теңгеден асады. Бұл факт бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабында көзделген қылмыстық іс қозғалды (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу), заттай айғақ ретінде дараталшық тор мен моторлы қайық іске қоса тіркелді», – деді табиғат қорғау полициясының аға инспекторы Бағлан Рымжанов.

Балық сату үшін қабылдау пунктіне өткізіліп, жиналған қаражат мемлекет кірісіне тапсырылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға