Жаңалықтар

Алғыс айту күнін мерекелеу шеңберінде Қазақстан бойынша 1,5 мыңнан астам түрлі іс-шара өтеді

Алғыс айту күнін мерекелеу шеңберінде Қазақстан бойынша 1,5 мыңнан астам түрлі іс-шара өтеді
27.02.2019 10:19 3855

28 ақпан күні сағат 12.00-де Астана қаласында Президент Н.Назарбаевтың 2016 жылғы Жарлығымен белгіленген Алғыс айту күнін мерекелеу шеңберінде «Қазақ еліне мың алғыс!» монументіне гүл шоғын қою рәсімі өткізіледі. 

Алғыс айту күні 1 наурызда – Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған күні атап өтіледі. Мерекелеудің басты идеясы – қоғамдық келісім мен азаматтық бірегейлікті, ортақ тарихи жадының негізінде жалпыұлттық бірлікті нығайту болып табылады.  

Іс-шараға ҚР Президенті Әкімшілігінің қызметкерлері, ҚХА-дан сайланған Парламент Мәжілісінің депутаттары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, республикалық «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенділері, қоғам қайраткерлері, елорда тұрғындары мен қонақтары қатысады. 

Рәсімге қатысушылар үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының белсенділері Алғыс айту күніне арнап дайындаған әдеби композиция ұсынылатын болады.  

Анықтама үшін: «Қазақ еліне мың алғыс» монументін елорданың 20 жылдығын мерекелеу шеңберінде Қарағанды облысының әкімдігі орнатқан болатын. Ол қуғын-сүргін жылдары Қазақстанға жер аударылған көптеген ұлттардың өкілдерін бауырына басқан қазақ халқының мейірімділігін бейнелейді. Композицияның ортасында жас қазақ әйелінің әртүрлі этностардың өкілі болып табылатын 3 баланы қорғаштай құшақтап тұрған мүсіні орнатылған. 

«Қазақ еліне мың алғыс» монументтері  Алматы (Қаратал ауданындағы Бастөбе ауылы), Батыс Қазақстан (Орал қаласы), Жамбыл (Масаншы селосы), Атырау (Махамбет ауданының Бейбарыс ауылы) және Ақтөбе (Ақтөбе қаласы) облыстарында, Шымкент қаласыңда  бой көтерген.  

Алғыс айту күнін мерекелеу шеңберінде Қазақстан бойынша 3 мың  527 елді мекенде ұзын саны 1 570-ке жуық әртүрлі мәдени-көпшілік және қайырымдылық іс-шаралары өтеді. Оларға 1 млн. 400 мыңнан астам адам қатысады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға