Жаңалықтар

Алғыс айту – елбасы бастамасы

Алғыс айту – елбасы бастамасы
03.03.2018 03:43 2186

1 наурыз күні  Құрманғазы мәдениет үйінде «Алғыс айту күніне» арналған салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шараның ұйымдастырушылары Атырау облысының мәдениет басқармасымен «Қоғамдық келісім» КММ-сі болып табылады.

Облыс әкімі Н. Ноғаев: «Алғыс айту» мейрамы Мемлекет басшысының бастамасымен қабылданды. Бұл күнді «Алғыс айту күні деп Қазақстан Республикасы Президенті кездейсоқ белгіленген жоқ. 1995 жылы дәл осы күні Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен бірлік пен біртектіліктің символына айналған институт – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған болатын. Сондай-ақ, Мәңгілік Ел» идеясының құндылықтарын паш ететін ерекше мереке. Алғыс айту күні – қиын-қыстау жылдарда жер аударылып келген әртүрлі этнос өкілдеріне демеу болған жергілікті халыққа рахмет айтудың, сондай-ақ Қазақстанның дамуына өз үлесін қосып жүрген азаматтарға  алғыс білдірудің айрықша мүмкіндігі» деді.

Салтанатты іс-шарада театрландырылған қойылым көрсетіліп, сахна төрінде бір отбасы мүшелерінің «Татулықтың» астында айрандай  ұйып отқан отбасылық кейпіндегі драмалық қойылымы тамашаланды.

Іс-шара мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасты. Мерекелік концертте облыстық филармония әншілері мен этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары өз өнерлерін көрсетті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға