Жаңалықтар

Аль Пачино 83 жасында әке атанды - TMZ

Аль Пачино 83 жасында әке атанды - TMZ
Фото: Әлеуметтік желіден 16.06.2023 09:15 542

Танымал актер мен оның сүйіктісі 29 жастағы Нур Альфаллах екеуі ата-ана атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл Пачиноның төртінші, Альфаллахтың бірінші баласы.

Альфаллахқа егде жастағы ер адамдар ұнайтыны бұрыннан белгілі. Аль Пачиноға дейін ол Мик Джаггер (қазір жасы 79-да),  Клинт Иствудпен (жасы 93-те) кездескен. БАҚ өкілдері бойжеткенді өнер адамдарының қалтасы қызықтырмайтынын жазады. Себебі ол өзі ауқатты отбасынан шыққан. Нурдың әкесі – мұнай бизнесімен айналысатын миллиардер. Нурдың өзі өте табысты продюсер.

Аль Пачино ешқашан үйленбеген, бірақ оның үш баласы бар. Актерлік шеберліктен сабақ берген мұғалімнен 1989 жылғы Джулия Мария Пачино есімді қызы бар. Сонымен қатар актриса Беверли Д’Анджело Антон Джеймс және Оливия Роуз есімді егіз дүниеге әкелген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға