Жаңалықтар

Актриса Жарқынай Ханайымның бұрынғы күйеуі ажырасуға не себеп болғанын жасырмай айтты

Актриса Жарқынай Ханайымның бұрынғы күйеуі ажырасуға не себеп болғанын жасырмай айтты
Фото: instagram.com/jarkynaixanaiym/instagram.com/aidar__askarbek 26.10.2023 18:25 2364

Актер Айдар Асқарбек «Taboo» бағдарламасында актриса Жарқынай Ханайыммен ажырасуға не себеп болғанын айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бірден айтайын, ажырасуға себеп болған сүйіс сахнасы емес. Оны қазір айтып өткен дұрыс. Ажырасудың себебі оның алдында біраз уақыт бұрын пайда болған, – деді ол.

Оқи отырыңыз:

Айдар Асқарбек ажырасуға продюсер Баян Мақсатқызы себеп болды деген пікірдің қате екенін айтты.

Берілген сұхбаттарға қарап Баян Мақсатқызын жамандап жатады. Ол дұрыс емес. «Келініне дұрыс емес көзқараспен қарады. Неге келініне қолдау көрсетпеді?» деген пікірлер бар. Нақты айтып өтейін, мен түскен жобаның екінші маусымының алдында Баян Мақсатқызы ресми түрде қандай сахнаның болатынын айтты. Ол «алдын ала Жарқынайға ескерт» деді. Сол кезде бірден «Баян Мақсатқызы, ол кісінің маған енді қатысы жоқ. Біздің арамыз суыды. Қазір екеуміз бірге тұрмаймыз, ескертудің қажеті де жоқ» дедім, – деді ол.

Актер Жарқынай Ханайыммен ажырасуға нақты бір үлкен себеп бар деп отыр.

Мәселе қызғанышта да, ер азаматқа тән эмоцияда да емес. Мен жас бала сияқты «ренжідім, ашуландым, қызғандым» деп айтатын жаста емеспін. Ол – нақты түйін, нақты ой, нақты факт, – деді Айдар Асқарбек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға