Ақмола облысының Зеренді ауылында балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі ашылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Нысан елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер қаражаты есебінен салынған. Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан 2,1 млрд теңге бөлген. Ауданы 6 мың шаршы метрден асатын спорт мектебі ауысымда 90-ға дейін балалар мен жасөспірімдерді қабылдай алады. Мекеме аумағында шаңғы жарысы, күрес және бокс секциялары ашылды. Бұл жастарға өздерін қызықтыратын спорт түрін таңдауға және өз дағдыларын дамытуға қосымша мүмкіндіктер туғызады. Заманауи жабдықтар мен кең залдар жаттығу жасауға ыңғайлы жағдай жасайды.
Спорт мектебінің салтанатты ашылуына ҚР Бас прокуроры Берік Асылов пен Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов қатысты.
Айта кетейік, бұған дейін өңірде қайтарылған активтер қаражатына Алтынды, Арнасай, Жаңаесіл және Шалқар ауылдарында 4 медициналық мекеме салынып, пайдалануға берілген болатын.
Активтерді қайтару: Зерендіде спорт мектебі ашылды
Оқи отырыңыз
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?