Жаңалықтар

Актер Әділ Ахметов алғаш рет әйелін көрсетті

Актер Әділ Ахметов алғаш рет әйелін көрсетті
Фото: Видеодан кадр 13.12.2023 13:04 5333

Актер Әділ Ахметовтің жұбайы Айнұр Сұлтанмұрат «Тағдыр жолы» бағдарламасына қонаққа келіп, қалай танысқандары туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оларды Ақжарқын есімді ортақ достары таныстырған екен. 

Туған күннен кейін Ақжарқын бұл кісіге мен туралы, маған ол туралы жарнама жасайды. Бірақ біз туған күнде сәл түсініспей қоштастық. Содан кейін Ақжарқын «Әділ сені қатты ұнатып қалыпты» дегенде таңғалдым. «Кеше біз түсініспей қалған едік қой» деп ойладым. Ал оған да дәл солай айтқан екен. Солай біраз уақыт бізді бір-бірімізге айтып жүрді. Академия қабырғасында бір-бірімізді көргенімізде «осы ма маған ғашық болып жүрген» деп оған қарасам, ол маған қарайды. Солай біраз жүрдік. Барлық нәрсе көзқарастан басталады. Сөйтіп көзқарас махаббатқа, махаббат сағынышқа ұласты. Солай өзіміз байқамай қол ұстасып кеттік, - деді ол.

Актер Әділ Ахметов алғаш рет әйелін көрсетті

Актер АХАЖ-ға қол бос болмаған соң бара алмай, орнына досы барған екен.

АХАЖ-ға некеге тұру үшін алдын ала барып сөйлеседі ғой. Соған Әділдің орнына досы барды. Қызық болды, - деді ол.

Әділ Ахметов жұбайы Айнұрмен бірге 2 қыз, 2 ұл тәрбиелеп отыр. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға