Жаңалықтар

Актер Абай Асылхан 25 жасында қалай екі жасөспірімнің әкесі атанғанын айтты

Актер Абай Асылхан 25 жасында қалай екі жасөспірімнің әкесі атанғанын айтты
Фото: instagram.com/abay.asylkhan 13.12.2023 17:45 2763

Қазақстандық актер Абай Асылхан, «Аппақ келін» сериалының кейіпкері өзінің Instagram-дағы парақшасында 25 жасында қалай екі жасөспірімнің әкесі атанғаны жайлы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Абайдың сөзіне қарағанда, актриса Жанель Мақажан оның ұсынысын бірден қабылдамаған, оған тек інісіндей қараған екен.

Мен оған кездесу туралы ұсыныс жасадым, ол күліп: «Інішек, не айтып тұрсың?» деді. Бірақ мен: «Мен саған інішек емеспін» дедім. Себебі шынымен көңілім болды. Алайда 25 жастағы жігіттің 11 және 13 жасар балалары болатынын білген жоқпын. Осыны түсінген сәтте бойымды қорқыныш биледі: «оларды қалай асыраймын, лайықты әке бола аламын ба, мұндай жауапкершілікке дайынмын ба?» деген сауалдар туындады, - деді ол.

Дегенмен жас актер Абай өз бақыты үшін күресемін деп шешкен.

Кез келген адам секілді ата-анам, туған-туыстарым, өзгелер не дейді деп ойладым. Сол сәтте алдымда таңдау тұрды: өзімді таңдап, өз бақытым үшін күресу немесе өзге адамдардың ойына құлақ асу. Мен өзімді таңдадым. Үйлену туралы ұсыныс жасап, некемізді қидырдық. 25 жастағы жігіт пен 34 жастағы әйелдің махаббат хикаясы осылай басталды. Қазір бірге өткен әрбір сәтке қуанамын, - деді актер.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от АБАЙ АСЫЛХАН | МЕНТОР | ОРАТОР (@abay.asylkhan)

Айта кетейік, күзде Абай мен Жанель қызды болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға