Жаңалықтар

Әкімдер ауыл мектептерінің қабырғасына бір шеге де қаға алмайды - депутат

Әкімдер ауыл мектептерінің қабырғасына бір шеге де қаға алмайды - депутат
Фото: t.me/senate_kz 20.06.2023 17:39 574

Мектеп құзіреті жергілікті органдардан толық алынған. Бұл туралы сенатор Әли Бектаев айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Депутат ауыл балаларын еліміздегі ілгері оқу орындарымен онлайн - режимде қосымша оқыту да күн тәртібінде тұрған өзекті мәселе екенін атап өтті. Ол үшін ауылдағы интернетті жөндеу керек.

Өкінішке қарай, аудан әкімдері ауыл мектептерінің интернетін жөндемек түгілі, қабырғасына бір шеге де қаға алмайды. Мысалы Түркістан облысындағы 1 300 мектептің тағдыры бір ғана облыстықбілім басқармасына тәуелді. Осындай жағдай Республика көлемінде медицина, спорт саласында да қалыптасқан. Аудан басшыларында ауыл аумақтарын дамыту мәселесінде қандай жауапкершілік болуы мүмкін? Жергілікті органдарға ауылдың жағдайын өздері шешіп, өздері қадағалап, кемшілік жіберсе өздері жауап беретін жағдай қалыптастырған дұрыс шығар, - дейді сенатор.

Ауылда халқымыздың 40% тұрады, табысы ең төмен тұрғындар да сол ауылда. Қазіргі қымбатшылық, коммуналдық қызметтің, жанар-жағармайдың қымбаттауы ең бірінші ауылдықтарға салмақ түсіретіні анық.

Осының барлығын сараптай келе әрбір ауыл азаматы үшін жыл сайынғы шартты базалық табысты енгізу қажет сияқты. Оның жылдық көлемін әрине мамандар, инфляцияның шынайы көрсеткішіне сайесептеулері керек. Ең бастысы - шартты базалық табыс белгілі бір мақсатқа, мысалы,тек коммуналдық шығындар мен салық төлемдеріне ғана жұмсалса тиімді болары анық. Цифрландыру платформасы арқылы мұны іске асыру толықтай болады деп есептейміз, - деді Әли Бектаев.

Мұндағы мақсат – инфляция жағдайында халықтың тұрмысын қолдау,клирингтік тізбек арқылы қаржының бюджетке қайта түсуін қамтамасыз ету,коммуналдық қызмет кәсіпорындарының жағдайын жақсарту. Депутат мамандарды жинап, талқылауға тұрарлық мәселе екенін айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға