Жаңалықтар

Ахыска түріктерінің Қазақстанға жер аударылғанына – 74 жыл

Ахыска түріктерінің Қазақстанға жер аударылғанына – 74 жыл
21.11.2018 10:23 1910

Шымкент қалалық түрік этномәдени бірлестігінің мүшелері қаладағы саяси қуғын-сүргін мұражайында болып, тарихтың азалы парақтарынан сыр шертетін құжаттармен танысты. Ұлтына қарамай қуғынға ұшыраған барша азаматтарды еске алып, рухына құран бағыштады. 

 

Жиында Қазақстанда тамыр жайған түрік этносының өкілдері қиын кездерде өздерін жатырқамай, бауырына басқан қазақ халқына шексіз алғыстарын жеткізді.

«1944 жылғы қараша айының 14-i күнi небәрi екi сағаттың iшiнде Ахыска түріктері Оңтүстiк Грузияның Месхетия, Жауахетия, Ақысқа өңiрiнен Қазақстан мен Орта Азияға күштеп көшірілді. Жер аударылған сәтте Ақысқа түрiктерiнiң саны 110 мың болған. Екi айға созылған жолда суықтан, аштықтан, аурудан олардың 20 мыңдайы опат болды. Қиын-қыстау жылдары жер аударылған этностарға қазақ халқының көрсеткен қамқорлығын ата-аналарымыз үнемі айтып отыратын. Қазақ отбасылары өз шаңырағында адам санының көп болуына, жағдайдың ауыртпалығына қарамастан оларды үйлеріне қабылдады. Бір үзім нанын бөліп берді. Мұнда келген түрлі этностар қазақтардың көмегімен қиыншылыққа қарсы тұрып, бүгінде Қазақстаннан лайықты орнын тапты. Сондықтан, кең пейіл, бауырмал қазақ халқына айтар алғысымыз шексіз», – дейді Шымкент қалалық түрік этномәдени бірлестігі төрғасының орынбасары Бегалы Байрамов. 

Айта кету керек, бүгінде Қазақстанда 200 мыңдай, Шымкент қаласында 50 мыңдай ахыска түріктері өмір сүреді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға