Жаңалықтар

«Әкесі қайта кететінін біліп тұр». Ұлын құттықтап қонаққа келген Қайрат Нұртас сынға қалды

«Әкесі қайта кететінін біліп тұр». Ұлын құттықтап қонаққа келген Қайрат Нұртас сынға қалды
Фото: Видеодан алынған кадр 20.11.2023 17:30 25273

Танымал әнші Қайрат Нұртас кенже ұлы Ханның туған күнін құттықтап келді,  деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ел ішінде «Қайрат пен Жұлдыз ажырасып кетті» деген қауесет тараған, бұл ақпарды екеуі де растаған жоқ және жоққа да шығармайды. Әншінің желіге салған видеосында сүт кенжесін құттықтау үшін арнайы келгендігі айқын көрініп тұр.

Баламның туған күніне келдім. Дәл бүгін тойлауға мүмкіндік болмай тұр. Балалардың сабағы басталып кеткен. Болашақта керемет етіп атап өтеміз. Алматыдағы ата-әжесі мен бауырлары сәлем жолдап жатыр. Ханның атын өзім қойғанмын. Сол үшін де басқа балаларымнан ерекше. Ұзақ уақыт көрмегесін қатты сағынып қалдым, – деп атап өтті әнші.

@kair_tiktok

@khan_01_official ❤️ Тоймаймын қарай берсем қылығына, Ойлаймын, ойдың кіріп тұнығына. Хан ұлым, дүниеге келген күні Құтты болсын, телірім құлыныма Азамат болып өссең таудай болған, Бар ма екен одан асқан қандай да арман. Хан балам, ғұмыр жасың ұзақ болсын, Түрі де әкесіне аумай қалған. Арманына жетеді қаласа кім, Сенімен еске түсер бала шағым. Мол болсын несібең мен бақ, байлығың, Зор болсын құлыншағым болашағың!

♬ оригинальный звук - Қайрат Нұртас

Ұлына арналған өлең шумақтардың астына желі қолданушылары «Балаларына қонаққа келген сияқты», «Бір отбасына ие бола алмаған еркек, еркек пе? Атақ мансап бүгін бар, ертең жоқ. Бір отбасының отағасы болу ол үлкен бақыт. Аман болсын бәрі», «Ханның көңіл күйі жоқ, әкесінің қайта кететінін біліп тұр», «Ажрасыпты ғой ақыры» деп жазды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға