Жаңалықтар

Академияда оң шешімдер қабылданады деп сенемін – Зиябек Кабульдинов

Академияда оң шешімдер қабылданады деп сенемін – Зиябек Кабульдинов
Фото: facebook.com/kabulzia 31.03.2023 12:00 1694

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ұлттық ғылыми академияның» мәртебесін өзгерту туралы жарлығын көпшілік зор ықыласпен қабылдауда. Жарлықтың маңызды тұсы – бұдан былай академия тікелей Мемлекет басшысына бағынады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл өзгеріске байланысты ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Зиябек Кабульдинов өз пікірімен бөлісті.


«Ұлттық ғылым академиясының қордаланған мәселелері көп еді. Ол мәселе 20 жыл бұрын басталып, бүгінгі күнге дейін шешілмей келді. Мемлекет басшысы 27 наурыз күні Ұлттық ғылыми академияның мәртебесін өз қолына алды. Бұл шешімді қолдаймын. Ендігі таңда академияның осы уақытқа дейін шешілмеген мәселелері шешілетініне сенемін», - деді ол.


Сондай-ақ, Академияға жаңа басшы сайлау кезінде бірқатар өзгерістерді енгізу керектігін айтты.


«Академияның президентін жаңадан сайлау жөніне келетін болсақ, бұл жерде Мемлекет басшысы сырттан адамды тағайындамау керек. Ең алдымен Ұлттық ғылыми академияның академиктері дауыс беріп сайлау керек, ал кейін Мемлекет басшысы оны бекіткені дұрыс деп санаймын. Алдағы уақытта осы жағын қарастырған жөн», - деп түсіндірді.


Ол Академияның болашағы зор болатынына сене отырып, тарихтағы жағдайларға да көз жүгірткен жөн екенін жеткізді.


«Қазақтың тарихында 1946 жылы 1 маусымда бірінші хатшы Жұмабай Шаяхметов Академияны ашуға атсалысты. Сол кездін өзінде академия қызметкерлеріне үлкен жағдай жасаған. Барлық мүмкіндік қарастырған деуге болады. Ал ендігі таңда Академия Мемлекет басышысының бақылауында болатындықтан, Академия жақсы өзгерістер болып, оң шешімдер қабылданады деп сенемін», - деді Зиябек Кабулдинов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға