Алматы облысында саңырауқұлақ теруге шыққан отбасы жоғалып кетті

Фото: ©El.kz
Фото: ©El.kz
25.03.2025 10:03
650
ТЖМ қызметкерлері 6 адамнан тұратын отбасын құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы облысы Балқаш ауданы Миялы ауылынан 20 шақырым жерде 6 адамнан тұратын отбасы жеңіл көлікпен саңырауқұлақ жинауға шығып, қайтып оралмады, жоғалғандардың туыстары дабыл қағып, құтқарушылардан көмек сұрады.
ТЖМ іздестіру тобы жоғалған отбасын тапты, белгілі болғандай, отбасы асуда батпаққа батып қалып, қозғалын жалғастыра алмады.
Әрдайым өз жоспарларыңыз туралы жақындарыңызға хабарлаңыз және табиғатта абайлаңыз, - деп еске салады ТЖМ.

Алдыңғы жаңалық
Бүгін тағы үш облыста жол жабылды
Келесі жаңалық
Еліміздегі су қоймаларындағы ахуал қандай