Жаңалықтар

Айдahap үңгipлері қайда бар?

Қазақстанның киелі географиясы
Айдahap үңгipлері қайда бар?
31.05.2019 20:29 11204

Қазақ жерінде тарихы тереңде жатқан киелі орындар жетіп артылады. Олардың қатарында табиғат құбылыстарымен тығыз байланыстырылған үңгірлер де бар. Бір қызығы, ежелгі адамның тұрағына айналған орындардың бірнешеуі «Әулие» деген ортақ атауға ие. Қазақстанның киелі жерлерінің қатарынан табылып отырған Баянауылдағы Қоңыр әулиеден бастап, Балқаш маңындағы Бектау ата үңгірлерінің сырына үңілгендер, олардың қасиеті жайында түрлі болжамдар жасағанмен, ғылыми дәлелдер таппай әлек. Ал Жаратушыдан жақсылық тілеген жандар, қасиеті мол деп саналатын сол үңгірлерге түнеп те жүр. Оларды елітіп, осы үңгірлерге жетелейтін не қасиет бар екен? Әлде ауыздан-ауызға тараған әр түрлі аңыздардың әсері ме?

Айдаһар мен Құдайберлінің достығы

Бүгін сөз еткелі отырған Айдаһар үңгірі Ақмола облысында орналасқан. Оны тарихшы Ж.Артықбаев Айдаһарлы-Құдайберлі үңгірі деп атайды. Ғалым оны Баянауылдағы Қоңыр әулиеден ерекшеленетіндігін айта кетеді. Сарыарқаны бойлай аққан Жақсы Көң өзенінің биіктеу жағасында орналасқан үңгір туралы бізге бірнеше әңгімелер жеткен. Нұр-Сұлтан қаласынан шыққан жолаушы алдымен Қорғалжынға соғып, одан әрі Талдысай аталатын елді мекенге жетіп алғаны жөн. Талдысайдан әрірек Шөптікөл ауылы бар. Ж.Артықбаевтың айтуынша, Жақсы Көң соңғы аталған ауылдық жерден алыс емес. Жергілікті көне көз қариялар есте жоқ ескі заманда Айдаһар осы маңайды билеп-төстегені туралы аңызды айтады. Иесі мен киесіне айналған құбыжыққа сол өңірді мекен еткен Құдайберлі бай алғыс ретінде бірер жылқы сыбағаға беріп тұрады екен. Айдаһар мен Құдайберлі арасында достық тұтанып, ол біраз уақытқа дейін созылады. Бірақ, ақыры соңында бұл жақсы қарым-қатынасқа да нүкте қойылуы керек емес пе? Бай досына әкелетін жылқыны біршама кешіктіріп алыпты. Қарны ашып, әбден күте-күте күйі кері кеткен Айдаһар ашуланып, аң қуып жүрген Құдайберлінің баласын астындағы жылқысымен бірге жұтып жіберіпті. Араға біршама уақыт салып, бай ізбасарын іздеп жолға шығады. Бір пәле келсе осыдан келер деген оймен бай Жақсы Көңнің биігіндегі құпиялы орынға аяңдайды. Досын көрген Айдаһар үңгіріне тура ұмтылған. Алайда, Құдайберлі әлі толық жинап үлгермеген оның құйрығын айтбалтасымен шауып тастапты. Біраз уақытты араға салып барып, Айдаһар үңгірдің ішінен бүй дейді: «Сен бай өз ұлыңды ұмытпассың, ал мен құйрығымды ұмытпайтын боламын. Енді қайтадан жер бетіне шықпаспын, қош-сау бол!». Сонымен, тау баурайындағы мекеніне мәңгіге кіріп кеткен Айдаһар туралы халықтың ішінде тараған әңгіме осы. Тарихшы Құдайберлінің өмірде болғанын дәлелдейтін, соның есімін алған жотаны көріпті. Оның маңайында көне ғасырдан қалған обалар, әртүрлі зираттар мен шошайған құлпытастар жатқан көрінеді.

«Айдаһарлы-Құдайберлі үңгірі» туралы еңбекте 1816 жылы қазақ даласындағы кен орындарды іздеуге шыққан И.Шангиннің экспедициясы болғаны туралы дерек кездеседі. Жергілікті тұрғындар зерттеушілерге біраз аңыздарды баяндап, оның қасиеті жөнінде сыр шерткен. Маркшейдердің жазбасында екі шеті таумен шектелетін Жақсы Көң өзені қысаң даланы суарып жатқанын жазады. «Жергілікті қазақтар сол таулардың ішіндегі жыландардың ордасы болуы мүмкін деген үңгірге алып келді», – дейді экспедиция басшысы. Оның басты назарын аудартқан жайт – үңгірден шығатын дауыс пен жарық. Сол маңдағы тұрғындардың болжауынша, әруақтармен байланысты бұл тылсым жайттарды естіп, көргендер жансыз қалатын болыпты. Ел арасында таралған аңыздың кесірінен үңгірге ешкім жоламаса керек. Сол экспедицияның әскери және шаруашылық жағын басқарған Ф.Набоков та естігенін былайша баяндайды: «Баяғы заманда мұнда үлкен жылан өмір сүріпті. Ол кейде жылқының өзін жұтып жіберетіндей алып болған екен. Қазақтар оның сәуле шығаратын қасиеті барын көрген. Бұл жарықтың шығу себебін анықтау мақсатында мұнда ондаған адамнан құралған топ келеді. Олардың көзі бірден осында тұрған ұзындығы жиырма метрден асатын үңгірге түсіпті. Үңгір ішінің тарлығы әр жерде әр түрлі». Тылсым орынның кейбір жерінен жалғыз адам әрең өтсе, кей жерлері бірнешеуін оңай сыйдыратындай еді. Бірақ адамдар үңгірді мекен еткен ешқандай жыланды да, басқа да тірі жәндікті кезіктірмеген екен. Тарихшы Ж.Артықбаев И.Шангиннің Айдаһарлы үңгірден дауыстың шығуына екі ауыздың бар болуы жазғанын мысалға ала кеткен. Яғни, жел соққанда екі жақтан үрлеп не түрлі дыбыстар шығып, жергілікті тұрғындардың үрейленуіне себеп болған. Ал үңгірдің ішінен сәуле таралып, сыртқа жарқырай көрінуін экспедиция мүшелері анықтай алмаған. Осы орайда ғалым ысқырық дауыстың шығуы мен үңгір ішінде жарық сәуленің ойнауына үңгірдің төбесінде тұрған «түндік» себеп болуы мүмкін екенін айтады. Бір өкінштісі, қазіргі кезде үңгір баяғы экспедиция мүшелері еркін кіріп жүргендей ұзын емес. Бергі жағы опырылып құлап, бітеліп қалған. Ал сол маңды мекен еткен адамдардың пікірінше, кеңестік заманда геологтар бір нәрседен үрейленіп, динамитпен жарып, үңгірді әдейі жауып тастапты-мыс. Оның рас-өтірігін айырып берер айғақ жоқ. Геологтардың неден қорыққанын да дөп басып айту мүмкін емес. Расында, үңгір бір құпияны бауырына басып жатса керек.

Емшіден қалған орын

Тағы бір деректерде Қазақстанның киелі географиясы картасының қатарына енген Айдаһарлы үңгірдің орналасқан жері Зеренді ауданына қарасты, Үлгілі ауылының маңы делінеді. Ілгеріде Ж.Артықбаев айтып кеткен үңгір мен бұл орынның бір-бірімен байланысы бар ма? Сонымен, Үлгілі маңындағы үңгірдің кіре берістегі көрінісі адам таңғаларлықтай. Оның ұзындығы 270 метр, ені жетпіс метрге жетсе, биіктігі 35 метр шамасында екен. Жарқабақтағы саңылаулардан су тамып, ерекше дыбыс шығып тұрады. Үңгірге кірер тұста қарағай мен көк жапырақты қайыңдар жайқалып өсіп тұр. Тамаша табиғаттың баурайында орналасқан үңгірдің іші суық әрі дымқыл келеді. Соған қарамастан, күн сәулесі бұл орынды ерекше жарықтандырып тұрады. Сұлулығына көз тоймайтын орынды іздеп келушілер саны жеткілікті. Жергілікті тұрғындар бірнеше шақырымды артқа тастай отырып, табиғаттың тылсым дыбысын есту үшін арнайы жолға шығады. Олар бұл үңгірдің киелі екендігін айтады. Адам денсаулығына өте пайдалы келетін орын, тіпті психикалық ауытқулары барларға да шипа беріпті. Ал шығармашылық жолындағыларға рухани азық бола алады екен. Аумағы айтарлықтай үлкен боп көрінбегенмен, ішіне енген адам тіпті алып айдаһардың өзі сыя алатындығына көз жеткізеді. Бізге жеткен аңыз-әңгімеде бағзы бір заманда бұл орынды бойында асыл қасиеті бар емші адам мекен еткені айтылады. Оның алдына келген кез келген науқас дертінен құлан таза айыққан. Алайда, үңгірге жетіп, сол кісінің шапағатына бөлену оңай іс болмаған сыңайлы. Кейін жасы келіп, өмірден озған емшінің бар бойындағы қасиеті үңгірде қалып, энергиясы сонда таралған дейді. Сол себептен, мұнда келген әрбір ауру жанның бойына шипа қонады екен. Расында, адамға жақсы энергия беруге қабілетті үңгірге соңғы жылдары келушілер саны күрт көбейген.

Eлiмiздe тағы қандай қасиeттi үңгipлep баp?

Iлгepiдe айта кeткeн Қoңыp әyлиe мeн Әyлиe тас үңгipлepi жайында да eл аpасында бipнeшe аңыздаp кeздeсeдi. Жасыбай көлiнeн үш шақыpым жepдe opналасқан табиғат нысандаpын тұpғындаp «Байананың құт мeкeнi» дeп атайды. Қoңыp әyлиeнiң атаyын сoл жepдi мeкeндeгeн Қoңыp атты кiсiмeн байланыстыpады. Жep бeтiн тoпан сy басқан заманда Қoңыp, Қыpан, Құлан eсiмдi үш ағайынды ғұмыp кeшiптi. Таpихшы Ж.Аpтықбаeвтың кeлтipeгeн дepeгiндe oлаp жep бeтiн сy басқанда Нұқ пайғамбаpдың кeмeсiнe мiнбeй, тақтайды қoйып сoның үстiндe қалқып жүpe бepгeн. Бұл - өмip бoйы жалғыз басының пайдасын oйламай, қаpа халықтың қамын жeгeн ағалы-iнiлiлepдiң пайғамбаpдың кeмeсiнe аyыpлық түсipмeйiк дeгeн oйлаpынан тyындаса кepeк. Мeйpiмi түскeн Алла Тағала жep бeтiнeн сy қайтқанда oлаpды Баянаyыл таyына кeлiп тipeптi. Аңыздаpға сeнсeк, Қoңыp әyлиe қазipгi Жамбақы жepiндeгi таyлаpды, Қыpан Баянтаyдың ұшаp басын, Құлан Қызылтаyды мәңгiлiк мeкeн eтiп қалыпты дeйдi. Қoңыp әyлиe сұpаған жанға тiлeгiн бepiп, Қыpан әyлиe жoғын iздeгeндepгe көмeк қoлын сoзып, төнiп кeлe жатқан жаyды күншiлiк жepдeн байқап, жepгiлiк халыққа адам бoлып хабаp айтып, қайта жoғалып кeтeдi eкeн. Ал Құлан кeйдe адам, кeйдe құлан бeйнeсiнe eнiп, eлдiң төpт түлiгiн аман сақтап, oның көбeюiнe жәpдeмшi бoлады дeйдi.

Бұл аңыздардың барлығы да ауыздан ауызға таралып, ел есінде жатталып қалған. Ал Әулиетас үңгірі жайында өлкетанушы Н.Коншин өзінің Павлодардан Қарқаралыға дейінгі жолсапарында жазып кетеді.

Әулие-тас көбінесе ауру-сырқау жандар мен кедейлер келетін орын болыпты. Әсіресе, бұл үңгірден баласы жоқ әйелдерді көптеп кездестіруге болатын еді. Олар кешкілік және түнгі уақытта жолға шығып, үңгірдің ішіне немесе жақын маңға түнейді. Бақуатты адамдар мал сойып, үңгірдің шыға берісіне қазан асқан. Оған пайдаланатын суды сол орынның ішіндегі көлшіктен алған екен. Суды шипа көріп, денелерін жуған. Су қырғыздар (Н.Кошкин қазақтарды солай атаған) үшін өте қасиетті саналғаны белгілі. Ал кейбір жандар қойдың майына матаны немесе мақтаны батырып, ағашқа байлап, түтетеді де өздерінің ауыратын жерлеріне жақын апарып, аластаған. Сол сияқты осында түнеген жан түс көрсе, ол міндетті түрде орындалады деген сенім бар. Кедей жандар үңгір ішіне маталар ілсе, бақуатты кісілер ақша қалдырған. Ал ол ақшаны жағдайы жоқ, мүсәпір жандар алуына болады екен. Ол үшін «Тақсыр, мына ақшаны алуға рұқсат ет» деп, үңгір иесінің алдынан өтіпті. Киелі саналған орыннан әлі күнге дейін келушілерді байқауға болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға