Жаңалықтар

Аида Балаева: Жалған ақпарат тарату - құтқару жұмыстарына орасан зор зиян келтіреді

Аида Балаева: Жалған ақпарат тарату - құтқару жұмыстарына орасан зор зиян келтіреді
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 31.03.2024 13:40 301

Еліміздің мәдениет және ақпарат министрлі Аида Балаева су тасқыны салдарына қатысты ақпарат таратуда дұрыстығына көз жеткізуге назар аударуды атады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде жазба жариялаған министр жалған ақпарат таратудың салдарын атап, әуелі анық-қанығын білу маңызды екенін мәлімдеді.

Еліміздің бірқатар өңірінде су тасқыны салдарынан өте күрделі төтенше жағдай орын алуда. Премьер-министр деңгейінде арнайы штаб құрылды. Оның жұмысын Мемлекет басшысының өзі үйлестіреді. Бұл ретте әлеуметтік желілерде оқиға орнынан нақты ақпарат қана емес, арандатушылық сипаттағы жалған ақпараттар да тарап жатыр. Кейбір азаматтар ақпараттың шынайылығын тексермей, таратып жібереді. Бұл онсыз да су тасқынының бел ортасында апатпен күресіп жатқан төтенше жағдайлар қызметінің жұмысын қиындата түседі. Бұл техникалық құралдардың тапшылығы жағдайында тиімді жұмысқа орасан зор зиян келтіреді. Сондықтан ақпарат тарату кезінде оның дұрыстығына көз жеткізуге шақырамыз. Жалған ақпарат таралуына жол берілмейді, кінәлілер анықталып, жауапкершілікке тартылады, - деп жазды Аида Балаева. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға