Жаңалықтар

Аида Балаева Мұрат Әуезовтің қазасына байланысты көңіл айтты

Аида Балаева Мұрат Әуезовтің қазасына байланысты көңіл айтты
Фото: t.me/madenietaqparat 15.06.2024 10:38 392

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева көрнекті қоғам қайраткері Мұрат Әуезовтің өмірден өтуіне байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мұрат Мұхтарұлы еліміздің дамуына зор үлес қосқан көрнекті тұлға еді. Ол Қазақстанның Қытайдағы елшісі, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының бас директоры, Мұхтар Әуезов қорының президенті қызметтерін атқарды. Көркем әдебиет теориясы мен практикасы туралы 200-ден астам еңбек жазып, жемісті жұмыс істеді.

Ол саналы ғұмырын өз еліне, ұлт руханиятының кемелденуіне арнаған абзал азамат еді. Мұрат Мұхтарұлының өнегелі өмір жолы мен жарқын бейнесі жадымызда әрдайым сақталады. Ал оның еңбектері болашақ ұрпаққа мәңгі қызмет ете берері анық. Марқұмның жатқан жері жарық, топырағы торқа болсын! – делінген көңіл айтуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға