Жаңалықтар

Аида Балаева Akon-ға іш киім лақтырған қыздарды айыптады

Аида Балаева Akon-ға іш киім лақтырған қыздарды айыптады
Фото: © ОКҚ 26.12.2023 17:36 746

Астанада өткен әлемге танымал әнші Akon-ның концертінде жанкүйерлер іш-киімін лақтырып, әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Депутат Аманжол Әлтай да Akon-ды ұлттық киіммен қарсы алып, домбыра сыйлаған ұйымдастырушыларды сынға алған еді. Ақпарат және мәдениет министрі Аида Балаева қыздардың бұл әрекетіне қатысты ойын айтты.

Әрине, ұят тірлік. Кейде шектен шығып кетеміз. Шығармашылық индустрия тұрғысынан айтатын болсам, халықаралық деңгейдегі әншілердің елге келуі – заңдылық. Біздің де әншілеріміз аудиторияларын үлкейту үшін шетелге барып, концерт қояды, – деді министр.

Сонымен қатар, министр шетелдік өнерпаздардың елге келіп, концерт беруіне тыйым салынбайтынын айтты. 

Бәріне тыйым салу мүмкін емес. Мұндай кештерді біздегі мәдениет басқармалары ұйымдастырмайды. Оны жеке ұйымдар шақырып ұйымдастырады. Коммерциялық кештер болғасын, біз оларға кедергі бола алмаймыз, – дейді Аида Балаева.

Сондай-ақ Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қоғамдық орындарда паранджа мен никаб киюге қатысты тыйым шаралары қабылданатыны туралы айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға