Жаңалықтар

Ахметжан Есімовтің күйеу баласы Jusan Bank-тегі қызметінен кетті

Ахметжан Есімовтің күйеу баласы Jusan Bank-тегі қызметінен кетті
Фото: Jusan Bank баспасөз қызметі 18.09.2024 17:34 529

Ғалымжан Есенов Jusan Bank директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Айта кетейік, банк акционері Ғалымжан Есенов 2023 жылдың тамызынан бастап банктің директорлар кеңесін басқарған.

Есенов 2023 жылғы Forbes Kazakhstan нұсқасы бойынша Қазақстанның ең бай 50 адамының қатарына кіреді (Forbes деректерінде оның байлығы 435 млн доллар деп көрсетілген).

Есеновтің орнын енді Қуат Қожахметов басты. Қожахметов әр жылдары «Цеснабанкте», «Цесна» корпорациясында, Қаржы ұйымдарын реттеу және дамыту агенттігінде, Ұлттық банктің қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетінде, Jusan Optima Bank-тің Қырғызстандағы еншілес компаниясында, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-де басшылық қызметтер атқарған.

Айтпақшы, «Уикипедиядағы» деректерде Есеновтің Алматының бұрынғы әкімі Ахметжан Есімовтің күйеу баласы екені көрсетілген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға