Жаңалықтар

Агроөнеркәсіпті дамытуға министрлік қана мүдделі болмауы керек – министр

Агроөнеркәсіпті дамытуға министрлік қана мүдделі болмауы керек – министр
Фото: © El.kz 21.02.2024 16:14 298

Ауыл шаруашылығы министрі Аманғали Бердалин осылай айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Отандық ауыл шаруашылығын көтеру - барлығымыз үшін ортақ міндет. Бұл ретте Ауыл шаруашылығы министрлігі жалғыз мүдделі тарап емес. Облыс әкімдіктері президент тапсырмаларын орындау үшін қолда бар құралдар арқылы агроөнеркәсіп кешенін дамытуға барынша қолдау көрсетуі керек, - деп атап өтті министр.

Мемлекеттік қолдау ретінде жеңілдікпен несие алған фермерлер нақты нәтиже көрсетуі тиіс. Өндіріс көлемі артып, өнімнің өзіндік құны төмендеуі қажет. Бердалиннің айтуынша, бұл біздің шаруашылықтың бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

Министр қант қызылшасының алқаптарын 5 жылдың ішінде 27 мың гектарға ұлғайту қажеттігін алға тартты. Сонымен қатар мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес машина-трактор паркін жаңарту деңгейін 10 пайызға жеткізу қажеттігін ескертті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға