Жаңалықтар

Ағам егіншілікпен 1995 жылдан бастап айналысады - СҚО әкімі

Ағам егіншілікпен 1995 жылдан бастап айналысады - СҚО әкімі
Фото: © ОКҚ 21.06.2023 17:00 614

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров жақын ағайындарының өңірде табысты кәсіппен айналысуына байланысты пікірін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте СҚО әкіміне былай сұрақ қойылды: «Сіздің жақын туыстарыңыз СҚО-да агробизнеспен өте табысты айналысып отыр. Облыс басшысы ағасы болғанда істің табысты болары анық. Сіз бұл жағдайды мүдделер ықпалдастығы деп есептемейсіз бе?»

Біріншіден, менің облыс әкімі болып тағайындалғаныма бір жыл да болған жоқ. Ал, менің ағам егіншілікпен 1995 жылдан бастап айналысып келеді. Ол – агроном ғалым, Омбы ауылшаруашылығы институтын бітірген. Ауыл шаруашылығы саласын жақсы біледі, сондықтан қолға алған. Бұл жерде ешқандай мәселе жоқ. Барлығы заң аясында, - деп жауап берді Айдарбек Сапаров.

Сондай-ақ, өңір әкімі «ағасының бизнесіне бөлінген субсидияны» Бас прокуратураның тексергенін айтты.

Субсидия алған деген жалған ақпараттар болды, оны Бас прокуратура тексерді. Қолданыстағы заң аясында ол субсидия ала алады. Менің облыс басшысы болғаным, керісінше оның жұмыс істеуіне қиындық тигізеді. Өйткені, біз қазір әлеуметтік салаға аса мән беріп жатырмыз. Оның қаншама тұрғын үй, медициналық пунктілер мен демалыс орталықтарын салғанын өз көзіңізбен көрсеңіз болады. Ол басқаларға үлгі болуы тиіс, - дейді СҚО әкімі.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға