Жаңалықтар

АЭС салу туралы шешімді халық қабылдайды – Мәулен Әшімбаев

АЭС салу туралы шешімді халық қабылдайды – Мәулен Әшімбаев
Фото: Сенат 27.06.2024 15:06 633

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС салу туралы референдум биыл күзде өтетінін айтты. Бұған қатысты Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Мәулен Әшімбаев еліміздегі экономиканы дамытудағы ең үлкен олқылықтардың бірі электр энергиясының жетіспеушілігі екенін атап өтті.

Экономикамызды көлемі жағынан екі есе ұлғайтамыз деген жоспарымыз бар. Біраз өндірістерді ашуға Үкімет жұмыс істеп жатыр. Осындай кезде бізге электр энергиясының көбірек керек болатыны анық. Егер оның көзі болмаса, үлкен мәселеге алып келетіні сөзсіз, - деді ол.

Сенат төрағасының сөзінше, Үкімет күзде өтетін референдумға қатысты іс-шаралардың барлығын ұйымдастырады. 

Оған дейін тиісті ақпараттар таратылып, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. АЭС салына ма, салынбай ма әрі қарай шешімді халық қабылдайды. Қазақстандықтар референдумда өздерінің позициясын нақты көрсетеді деп сенеміз, - деді Мәулен Әшімбаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға