Жаңалықтар

АЭС салу бойынша: жұмыс қалай жүріп жатыр? Сәтқалиев жауап берді

АЭС салу бойынша: жұмыс қалай жүріп жатыр? Сәтқалиев жауап берді
Фото: pixabay.com 27.10.2023 18:30 951

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев АЭС салу бойынша референдумның қай уақытта өтетінінен хабары жоқ екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әзірге тек кеңес алу жұмыстарын ғана жүргізіп жатырмыз. АЭС салу бойынша әлеуетті ұсыныс жасап жатқандарды әзірге қабылдап жатқан жоқпыз. Халықтың, сарапшылардың пікірін саралап жатырмыз. Ұлттық ядролық орталық, қазақстандық атом электр станциясы, басқа жобалық институттар өкілдері халықпен кездесу өткізіп, олардың ойын біліп, сұрақтарына жауап беріп жатыр. Қалаларға барып, қоғаммен диалог орнатып жатырмыз. Осы жұмыстар жалғаса беретін болады. Астана, Қарағанды қалаларында мұндай жиналыстар өтті. Осы кездесулер аяқталғаннан кейін референдум күні белгілі болады. Референдум Конституцияға сай жасалады. Өкілетті органдар ұйымдастыру жұмыстарын істейді. Біз министрлік ретінде қажетті шараларды қабылдайтын боламыз, - деді Сәтқалиев.

Айта кетейік, жақында ғана МАГАТЭ ұйымы сарапшылары АЭС салу бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізуге, кеңес беруге Қазақстанға келіп кеткен болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға