Жаңалықтар

Әділетті ел болу үшін әділетті жастар болуы керек

Ол халықты мемлекет келешегінің жарқын болуына үлес қосуға шақырды
Әділетті ел болу үшін әділетті жастар болуы керек
Фото: El.kz 20.11.2022 11:12 1199

Қазақстанның тұңғыш Еңбек Ері, Алматы қаласының Құрметті азаматы, ұлағатты ұстаз Аягүл Миразова өз таңдауын жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Аягүл Миразова Алматы қаласының №372 сайлау учаскесіне барып дауыс берді. Ол халықты мемлекет келешегінің жарқын болуына үлес қосуға шақырды.


«Әділетті ел болу үшін әділетті жастар болуы керек. Әділет үшін еңбек ету керек, күресе білуі тиіс. Біздің мемлекетімізді құратын да, оны дамытатын да, оны әділетті ететін де, ол – сіздер мен біздер, жастар! Бүгін құқығымызды қорғау үшін бір кісідей дауыс беріп, бірлігімізді, тірлігімізді, мемлекет келешегінің жарқын болуына үлес қосайық. Бәріңізді дауыс беруге шақырамын», – деді А.Миразова.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға