Жаңалықтар

Әділетсіздікті жойып, әділдік орнатуға бара жатырмыз – Айдарбек Ходжаназаров

Әділетсіздікті жойып, әділдік орнатуға бара жатырмыз – Айдарбек Ходжаназаров
Фото: El.kz 19.03.2023 11:39 569

«Respublika» партиясының төрағасы Айдарбек Ходжаназаров №393-ші сайлау учаскесіне келіп дауыс берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Партия төрағасы елдің болашағы мен тағдыры үшін дауыс бергенін айтты.

Менің жанұям Қостанай қаласында дауыс беріп жатыр. Бүгін тарихи оқиға. Сайлаушылар дұрыс таңдау жасайды деп сенемін, - дейді.

Сондай-ақ ол БАҚ өкілдерінің үгіт-насихат жүргізу кезінде сайлаушылармен  кездесуде қандай да бір кедергі болды ма деген сұрағына жауап берді.

Бұрынғы жүйенің қалыптасқан ережелері әлі бар. Біз Парламентке осы жүйені жаңарту үшін бара жатырмыз. Жаңа Қазақстаннан әділдікті талап етеміз. Өңірлерді аралау кезінде әділетсіздік ашық көрініп тұрды. Әсіресе, бюджеттің бөлінуде. Мысалы ауылдық елді мекендерге барсаңыз, мекептер, мұғалімдердің тұрмыс-жағдайы өте нашар. Бұл бюджеттің осындай ережелерімен бөлінгендігінің бір көрінісі. Әділетсіздікті жойып, әділдік орнатуға бара жатырмыз, - деді «Respublika» партиясының төрағасы Айдарбек Ходжаназаров.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға