Жаңалықтар

Әділбек Мусин - қола жүлдегер. Ел қоржынына тағы бір медаль түсті

Әділбек Мусин - қола жүлдегер. Ел қоржынына тағы бір медаль түсті
Фото: Тұрар Қазанғапов 28.09.2023 17:46 469

Азия ойындарының төрт дүркін қола жүлдегері Әділбек Мусин жүзуден финалдық бәсекеде бақ сынады, деп хабарлайды El.kzақпараттық агенттігі.

50 метрге баттерфляй әдісімен жүзу жарысында Әділбек Мусин қола жүлдеге ие болды.

1. Инчул Баек (Оңтүстік Корея) — 23.29 секунд 
2. Вей Теонг (Сингапур) — 23.34 секунд 
3. Әділбек Мусин (Қазақстан) — 23.44 секунд.

Айта кетейік, жерлесіміз 2018 жылы Джакартада өткен Азия ойындарында да 2 мәрте қола жүлдеге ие болған еді.

Қазіргі кезде Қазақстанда үш алтын, үш күміс 15 қола медаль бар. Жалпы командалық есепте 9-орындамыз.

Бұл ақпараттың жарық көруіне қолдау жасаған «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға