Жаңалықтар

Әділ Оразбаев Моңғолия Гранд Слэмінде жұбаныш белдесуінде сынға түседі

Әділ Оразбаев Моңғолия Гранд Слэмінде жұбаныш белдесуінде сынға түседі
Фото: ijf.org 25.06.2023 12:47 785

Моңғолияда өтіп жатқан Гранд Слэм турнирінде қазақстандық Әділ Оразбаев жұбаныш белдесуіне шығады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі

Ұлан-Батыр Гранд Слэмінде ширек финалға жеткен отандасымыз шешуші сәтте әлемнің бейтарап құрамасы сапында күрескен ресейлік Инал Тасоевқа есе жіберді. Енді ол жұбаныш белдесуінде грузиялық Саба Инанешвилимен белдеседі. 

Әділ Оразбаев алғашқы белдесуінде тәжікстандық Мансұр Рахмонды ұтып, екінші кезеңде мажарстандық Сипож Ричардті ұтқан болатын.

Сондай-ақ, 90 келіде татамиге шыққан Ермахан Әнуарбеков, Бекзат Шағатаев, -100 келіде Аян Байғазы, балуанымыз Шархан Нұрлыхан, +100 келідегі балуан Нұрсұлтан Қаблан алғашқы айналымда жеңіліс тапты. 

Аталған жарыста күрескен балуандарымыздың ішінде 81 келіде Абылайхан Жұбаназар қола жүлдегер атанған еді. Бұдан бөлек, әйелдер арасында сынға түскен Ғалия Тыныбаева мен Нұрқанат Серікбай жарысты 5-ші орынмен аяқтаған болатын.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға