Жаңалықтар

Адамзат тарихындағы сырға толы 5 жұмбақ орын

Адамзат тарихындағы сырға толы 5 жұмбақ орын
Фото: © Pixabay.com 05.03.2024 11:55 883

Техникалық прогресс әлдеқашан дамып, дәлдікпен анықтайтын ғылыми құрылғылар ойлап табылса да, әлем әлі күнге дейін шешімі табылмаған сырларға толы. Бұл туралы Агро тревел сайтына сілтеме жасай отырып, El.kz  ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бермуд үштағаны

Адамзат тарихындағы сырға толы 5 жұмбақ орын

Фото: pixabay.com

Осыдан 80 жыл бұрын әлем Саргас теңізі аумағындағы жұмбақ орын туралы естіді. Уақыт өте ол Бермуд үштағаны атауымен көпшілікке танылды.1945 жылы оқу-жаттығуы кезінде АҚШ-тың Әскери теңіз күштеріне тиесілі 5 ұшақ осы аумақтан ұшып бара жатып, радардан жоғалып кеткен еді.

Ұшқыш қалдырған соңғы радио хабарламада су бетінің жасыл түске боялып, көпіршіктеніп жатқаны айтылған. Содан соң байланыс үзіліп, ұшақ ізім-ғайым жоқ болған. 1980 жылға дейін Бермуд үштағанында ондаған кеме мен қайық жоғалып, олардың қалдықтары әлі де табылмай отыр.

Мысыр пирамидалары

Адамзат тарихындағы сырға толы 5 жұмбақ орын

Фото: pixabay.com

Ғалымдар әлі күнге дейін бұл нысандардың қалай бой көтергенін түсіне алмай әлек. Алайда әлемнің жеті кереметі болып табылатын пирамидаларды жыл сайын көруге келген туристер саны азаяр емес. Хеопс пирамидасы 2 млн-нан астам тас блоктарынан тұрады. Олардың әрқайсысы 2,5-нан 16 тоннаға дейін салмақты құрайды. Өзге деректерге сенсек, кейбір плиталар Асуаннан 804 км жерден жеткізіліпті. Мысырлықтардың мұндай ғажайыпты қалай салып бітіргені – жұмбақ. Осыған байланысты гипотезалар көп болса да, олардың ешқайсысы археологиялық дәлелдеулермен расталмаған.

Пайда болуына қатысты нақтылықтың болмауымен қоса, пирамидалар көптеген жұмбақ таңбаға толы. Қабырғаларда ежелгі жазулар мен салт-жоралғылар таңбаланған. Олардың шығу тарихы әлі де зерттелу үстінде. Мәселен, Гора көзі ежелгі мысыр символы болып табылады. Ол әскери жорық кезінде аспан құдайының соғылған көзі деген мағынаны білдіреді.

Стоунхендж

Адамзат тарихындағы сырға толы 5 жұмбақ орын

Фото: pixabay.com

Ежелгі Мысыр пирамидалары сияқты  4,5 мың жыл тарихы бар археологиялық ескерткіш – Стоунхендж. Монумент Англияның оңтүстігіндегі Солсбери жазығында орналасқан. Ортағасырлық аңыздарға сенсек, оны Мерлин сиқыршысының талабымен алып адамдар тұрғызыпты мыс. Алайда ғалымдар 20 тонналық Стоунхенджді кім тұрғызғанын әлі де анықтай алмай отыр.

Оның қандай мақсатта салынғаны да белгісіз. Біреулері оны тас ғасырындағы үлкен обсерватория деп білсе, енді бірі ғарыш апаттарын болжайтын құралға балайды. Үшіншілері беделді тұлғаларды жерлеуге арналаған орын деп  топшылайды.

Тунгус метеориті

Адамзат тарихындағы сырға толы 5 жұмбақ орын

Фото: pixabay.com

1908 жылдың 30 маусымында Хиросима ядролық жарысынан 2000 есе асып түсетін жарылыс болған. Тунгуска өзенінің жанына құлаған соң Тунгус метеориті аталып кетіпті. Екпінді толқынның жойқындығы сонша, салдарынан 2150 шаршы км аумаққа созылған орманды тұтастай жайпап өткен. 200 км радиусында орналасқан үйлердің терезелері жарылған. Ең қызығы, белгісіз обьектінің құлаған орнына экспедиция 19 жылдан кейін ғана ұйымдастырылыпты. Айта кететін болсақ, ғалымдар оның метеорит екеніне әлі де күмән келтіруде.

Майя мазары

Адамзат тарихындағы сырға толы 5 жұмбақ орын

Майя – артынан өнер, ғылым, мәдениет салаларынан мол мұра қалдырған ең ежелгі өркениеттердің бірі. Тарихта оларды өз заманынан асқан көрегей, ақылды, дана адамдар деп білген. Мәселен, мазарлардың біріндегі саркофагтың сыртында ғарыш кемесіне ұқсайтын ұшу аппаратында отырған ұшқыш бейнелеген екен. Осының өзінен олардың болашақты болжай білген ерешке қабілеттері болғанын аңғаруға болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға