Адамның жасөспірім кезеңі 32 жасқа дейін созылады

 reporter
Фото: reporter

Кембридж университетінің зерттеушілері адамның жасөспірім кезеңі 32 жасқа дейін жалғасады деген тұжырымға келді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Зерттеу барысында ғалымдар адамның миының қызметі бес негізгі кезеңнен өтетінін анықтады: балалық, жасөспірімдік, ересек, ерте қартаю және кеш қартаю.

Сарапшылар туғаннан 90 жасқа дейінгі 4000-ға жуық адамның миын талдау үшін диффузиялық МРТ сканерін қолданды. Нәтижесінде мидың өмір бойы бес маңызды эволюциялық кезеңнен өтетіні белгілі болды.

  • Балалық кезең (0-9 жас) - ми қарқынды дамиды. Осы уақытта «желі консолидациясы» жүреді: артық синапстер жойылып, тек белсенді байланыстар қалады.
  • Жасөспірімдік кезең (9-32 жас) – ми құрылымы күрделене бастайды, когнитивті қабілеттер дамуы жалғасады.
  • Ересек өмір (32- 66 жас) – құрылымы тұрақтанады, тиімділікті арттыру процесі баяулайды.
  • Ерте қартаю (66 - 83 жас) – ақ затының біртіндеп деградациясы байқалады.
  • Кеш қартаю (83 жастан кейін) - ми жұмысының айтарлықтай баяулауы орын алады.

Еске сала кетейік, бұған дейін қытай ғалымдары адам миының жасушаларын тышқандарға трансплантациялау арқылы дофамин деңгейін арттыру жолын тапқан болатын.

Оқи отырыңыз