Жаңалықтар

Адамдарды азаптаған 39 полицейдің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Адамдарды азаптаған 39 полицейдің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Фото: © Polisia.kz 06.06.2023 11:10 1335

Азаптаудың алдын алу бойынша маңызды қадамдардың бірі - полицияның пенитенциарлық мекемелері мен қызметтік үй-жайларында үздіксіз бейнебақылауды енгізу, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы Бас прокуратура мәлім етті.В едомство полиция ғимараттары мен ҚАЖК мекемелерінде тексеру кезінде бейнекамералармен қамтылмаған 5812 учаске мен үй-жайлар және 900 жұмыс істемей тұрған камера анықтаған. 

Прокуратураның ұсынысы бойынша "көрінбейтін аймақтарды" болдырмау үшін 3783 қосымша бейнекамера орнатылды. Ғимараттарды толық жарақтандыруды жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Аумақтық полиция департаменттерінің, ҚАЖК және ІІМ орталық аппаратының 19 басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды, - деп жазды Бас прокуратура.

Осы және басқа да полиция қызметкерлері арасында азаптаудың алдын алудың мәселелері Бас прокурордың орынбасары Болат Дембаевтың қатысуымен ішкі істер министрлігінде өткен ведомствоаралық кеңесте талқыланған. Онда қазіргі уақытта 88 азаматқа қатысты тергеудің рұқсат етілмеген әдістерін қолданғаны үшін күштік органдарының 39 қызметкері қылмыстық жауаптылыққа тартылатыны белгілі болды.
Министрлік басшылығына психологиялық тестілеу өткізу арқылы азаптауды қолдануға бейім қызметкерлерді алдын ала анықтау ұсынылды.
Азаптауға қарсы кешенді шараларды іске асыру жалғасуда.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға