Жаңалықтар

"Адамдар эвакуацияланды. Сауда үйіне жарылғыш зат қойылған

"Адамдар эвакуацияланды. Сауда үйіне жарылғыш зат қойылған
Фото: © Pixabay.com 03.03.2024 21:17 560

Павлодардағы сауда үйіне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабардан кейін адамдар эвакуацияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап. 

«Гулливер» сауда үйіне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар бүгін кешкілік түскен. Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Бұл туралы өңірлік төтенше жағдайлар қызметінен хабарланды.

3 наурыз күні сағат кешкі 18.02-де Павлодар қаласындағы «Гулливер» сауда үйінде жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түсті. Құқық қорғау органдары адамдарды эвакуациялады, - деп хабарлады департаменттен.

Оқиға орнында қазіргі уақытта өңірлік төтенше жағдай департаментінің 17 маманы мен 3 автокөлік, апаттық медицина орталығының, полиция, ұлттық қауіпсіздік комитетінің және жедел жәрдем қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға