Жаңалықтар

Адам ағзасына ең пайдалы өнімдер тізімі жасалды

Адам ағзасына ең пайдалы өнімдер тізімі жасалды
Фото: ©El.kz/Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ 29.02.2024 16:33 1010

Пайдалы азық-түлікті тұтыну – адам денсаулығы мен өмір ұзақтығының кепілі. Мамандар өз рационыңызға қосуға міндетті түрде азық-түлік түрлерін атады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Preventing chronic disease мәліметінше, Уильям Патерсон университетінің профессоры Дженнифер Ди Ноя ең пайдалы 40 азық-түлік түрін жасап шықты. Олардың құрамында калий, ақуыз, В, А, Д дәрумендері мен кальций фолаты жеткілікті мөлшерде екен.

Құнарлы микроэлементтердің пропорциясын калория мөлшерімен санап шыққан. Мағынасы артқан сайын азық-түліктің құнары да арта түседі.

Бірінші орында кресс-салат тұр. Ғалымның айтуынша, бұл адам ағзасына тәулігіне қажетті 100 ккал-ды 100% толықтай өтетін бірден-бір өнім. Салыстырмалы түрде қытай қырыққабатын алсақ, она бұл көрсеткіш 91,99%-ды құрайды.

Кресс-салатта денсаулығымызды нығайтуға және ағзаны қажетті компоненттермен қамтамасыз етуге көмектесетін көптеген пайдалы қоректік заттар бар: темір, кальций, С дәрумені және тағы 14 дәрумен, минералдар, антиоксиданттар және тағы басқалар.

Сонымен, ең пайдалы өнім түрлерінің тізімі:

Қытай орамжапырағы

Монгольд

Жасыл қызылша

Саумалдық

Цикорий

Жапырақ салаты

Ақжелкен

Шалқан

Сарымсақ

Қырыққабат

Бақбақ

Қызыл бұрыш

Руккола

Брокколи

Асқабақ

Брюссель орамжапырағы

Көк пияз

Кольраби

Түсті қырыққабат

Сәбіз

Қызанақ

Лимон

Айсберг салаты

Құлпынай

Шалғам

Апельсин

Лайм

Грейпфрут

Шалқан

Қарақат

Батат.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға