Жаңалықтар

ӘЧ: Сағындық Тоғамбайдың келесі қарсыласы анықталды

ӘЧ: Сағындық Тоғамбайдың келесі қарсыласы анықталды
Фото: kfb.kz 02.05.2023 22:40 748

Қазақстандық боксшы Сағындық Тоғамбайдың Ташкентте өтіп жатқан әлем біріншілігіндегі келесі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

86 келіде бокстасатын жерлесіміз енді өзбек Шохжахон Абдуллаевпен жұдырықтасады.

Абдуллаев 1/16 финалда қырғыз боксшысы Эркин Адылбек уулуны ұтты.

Тоғамбай бірінші айқасында қарсыласын нокаутпен жеңді. Ол Конго ДР өкілі Натан Нланду Мбелиді тізе бүктіріп, 1/8 финалға шықты. Ол кездесу барысында қарсыласын үш рет нокдаунға түсірді. Сөйтіп жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды.

Осымен үшінші боксшымыз келесі кезеңге өтіп отыр. Бұған дейін Талғат Сырымбетов (60 келі), Айбек Оралбай (92 келі) жеңіске жеткен. Бүгін сонымен қатар Санатәлі Төлтаев (63,5 келі) рингке көтеріледі. 

Еске салып өтсек, әлем чемпионаты 1-14 мамыр аралығында өтеді. 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға