Жаңалықтар

ӘЧ: Криштиану Роналду әлемдік рекорд жаңартты

ӘЧ: Криштиану Роналду  әлемдік рекорд жаңартты
Фото: eurosport.de 11.12.2022 10:43 4012

Футболдан Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду ұлттық құрама сапында өткізген матчтар саны бойынша әлемдік рекордты қайталады, деп хабарлайды  El.kz ақпараттық агенттігі Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Марокколықтарға қарсы ойын Роналду үшін ұлттық құрамадағы 196-шы болды. Бұған дейін Бадер әл-Мутава Кувейт құрамасының сапында осыншама ойын өткізген. 

37 жастағы Роналду әлем чемпионатының финалындық кезеңіндегі матчтарды есебінде бесінші орынға көтерілді. Португалиялықтың еншісінде 22 ойын бар. Ол бұл көрсеткіш бойынша аты аңызға айналған Диего Марадона, Владислав Жмуда және Уве Силерден озып кетті. Аталмыш көрсеткіш бойынша көшбасшы неміс Лотар Маттеус – 25 матч.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға