Жаңалықтар

ӘЧ. Әйелдер арасында винтовкамен нысана көздеуден отандық спортшылар финалға шыға алмады

ӘЧ. Әйелдер арасында винтовкамен нысана көздеуден отандық спортшылар финалға шыға алмады
Фото: Спортты дамыту дирекциясы 20.08.2023 10:06 564

Әзербайжан астанасы Бакудегі нысана көздеуден 53-ші әлем чемпионатында әйелдер арасында пневматикалық винтовкамен 10 метрден оқ ату сайысы өтіп жатыр, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі

Спортты дамыту дирекциясы Қазақстан құрамасы спортшыларының іріктеу кезеңіндегі нәтижесін ұсынды:

Елизавета Безрукова – 18-орын (629.0 ұпай)

Александра Ле – 47-орын (626.4 ұпай)

Анастасия Григорьева – 85-орын (622.8 ұпай).

Мұнда барлығы 140 спортшы іріктеуде сынға түсті. Финалға ең көп ұпай жинаған 8 мерген шықты. Олардың арасындағы жарыс енді басталды. Барлық финалды Халықаралық нысана көздеу федерациясының (ISSF) YouTube арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Сәл ертеректе ерлер арасында осы бағдарламада Ислам Сатпаев финалда 4-орын алып, Париж Олимпиадасының жолдамасына иелік етті. Ал Константин Малиновский 64-орын (624,1 ұпай), Илья Федин 72-орынға (623,1 ұпай) тұрақтады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға