Жаңалықтар

Абзал Әжіғалиев финалға өтті

Абзал Әжіғалиев финалға өтті
14.02.2022 10:59 1232

Бейжің Олимпиадасында шорт-тректен 500 метрге жарысудан жартылай финал аяқталды.

Қазақстандық шорт-трекші Абзал Әжғалиев 500 метр қашықтықта 2022 жылғы Олимпиада ойындарының финалына өтті.

Спортшы жарысты екінші орынмен аяқтады. Бұл нәтиже оған А финалына өтуге мүмкіндік берді.

Ал Денис Никиша бірінші жарыста төртінші орынмен өнер көрсетті. Ол В финалына жолдама алды.

Бұған дейін Абзал Әжіғалиев пен Денис Никиша жартылай финалға өткені туралы хабарлаған болатынбыз.

baq.kz

 


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға