Жаңалықтар

Абзал Құспан мәліметті сенімді ақпарат көздерінен алуға кеңес берді

Абзал Құспан мәліметті сенімді ақпарат көздерінен алуға кеңес берді
Фото: t.me/bizbirgemiz_marathon 30.04.2024 18:15 319

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан су тасқынындағы қиындықты бірігіп еңсереміз деп отыр. Бұл туралы ол «Біз біргеміз!» жалпыұлттық телемарафоны кезінде айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Біздің ақыл-кеңесіміз, ойларымыз алдымен елдің пайдасына жарауы керек. Екіншіден, бұл бірінші рет болып жатқан жағдай емес. Тәуелсіздік кезеңінде осымен оныншы рет осындай ауқымды су тасқыны болып отыр. Сондықтан бұған дейінгі тәжірибені қолдану керек. Бұл қиындықты бірге еңсереміз, бұл жолы да бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарамыз деп үміттенемін. Халық, ел қобалжып отыр. Батыс өңірлерін аралап келдім. Сонда ақпараттың жетіспеушілігі барын түсіндім. Сенімсіздік те, наразылық та содан туындап отыр. Барлығы өтеледі, ешкім ескерусіз қалмайды, тек соны адамдарға жеткізу керек, - деді депутат.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға