Жаңалықтар

Абзалға сәттілік жетпеді – шорт-тректен ұлттық құраманың бас бапкері

Абзалға сәттілік жетпеді – шорт-тректен ұлттық құраманың бас бапкері
15.02.2022 15:19 1543

Бұл туралы шорт-тректен Қазақстан ұлттық құрама командасының бас бапкері Мәдіғали Қарсыбеков Бейжіңде өтіп жатқан Олимпиада ойындарына арналған баспасөз мәслихатында хабарлады. Оның айтуынша, шорт-тректен жарыстар аяқталуға жақын. 

Енді 1,5 шақырымдық қашықтықта жүгіру бойынша сайыс қана қалды. Спортшымыз Ольга Тихонова ертең жүгіреді. Алдымызда өткен 500 метрлік қашықтықта бақ сынасқан Абзалымызға сәттілік жетпей қалды. Тактикасында қателік жіберіп алғанын өзі айта жатар. Финалда Денис те жүгіре алатын еді. Дайындығы да сақадай сай болған. Жартылай финалда аздап қателік жіберді, - деп атап өтті ұлттық құраманың бас бапкері. 

Сонымен қатар ол әр спортшының медаль ала алатындай қауқары болғанын алға тартты.  

Шорт-тректен қатысқан спортшыларымыздың нәтижелері өте жоғары деп ойлаймын. Жазда жақсы дайындықтан өттік. Күзде де әлем кубоктарына қатысып, нәтижемізді көтердік. Жоспарымызды 90%-ға орындадық, - деді Мәдіғали Қарсыбеков.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан ҰОК спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов та спортшылардың өнеріне өз бағасын берген болатын. 

baq.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға