Жаңалықтар

Абылайхан Жұбаназар Ұлан-Батыр Гранд слэмінің қола жүлдесі үшін күреседі

Абылайхан Жұбаназар Ұлан-Батыр Гранд слэмінің қола жүлдесі үшін күреседі
Фото: Дзюдо федерациясы 24.06.2023 11:51 688

Ұлан-Батырда дзюдодан өтіп жатқан Гранд Слэм турнирінде 81 келіде Абылайхан Жұбаназар қола жүлде үшін күреседі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Отандасымыз Моңғолиядағы сынның бірінші айналымында германиялық Доминик Ресселден басым түсті. Екінші белдесуінде татами иесі Ерденабат Буянцагааннан айласын асырды.

Алайда ширек финалда жапон балуаны Кениа Конаға есе жіберіп, жұбаныш белдесуінде күресуге мүмкіндік алған болатын.

Жауапты белдесуде қазақстандық дзюдошы бахрейндік Аскерби Гербековті ұтты. Енді қола жүлде үшін Моңғолия және Оңтүстік Корея балуандары жұбының жеңімпазымен белдеседі.

Сондай-ақ, аталған сында 81 келіде Руслан Мұсаев бірінші белдесуде франциялық Кейта Ибраһимге есе жіберсе, 73 келіде күрескен Данияр Шамшаев әзербайжандық Ибраһим Әлиевтен ұтылып қалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға