Жаңалықтар

Абылайхан Жұбаназар Ұлан-Батыр Гранд Слэмінде қола жүлдегер атанды

Абылайхан Жұбаназар Ұлан-Батыр Гранд Слэмінде қола жүлдегер атанды
Фото: ҚР дзюдо федерациясы 24.06.2023 17:15 1012

Моңғолияда дзюдодан өтіп жатқан Гранд Слэм бәсекесінде Абылайхан Жұбананазар қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Отандасымыз 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған болатын. Ол қола жүлде үшін белдесуде моңғолиялық Болор-Очир Герелтуядан басым түсіп, үздік үштікті түйіндеді. 

23 маусымда басталған турнирге Қазақстан ерлер командасы толық құрамда қатысып жатыр. Бұған дейін белдескен Нұрқанат Серікбай 60 келіде бесінге орынға ие болған еді. Сондай-ақ, 73 келіде Данияр Шамшаев бүгін алғашқы белдесуінде әзербайжақ дзюдошыға жол берді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға