Қазақстандық дзюдошы Абылайхан Жұбаназар 81кг келіде елордада өтіп жатқан Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысында жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Отандасымыз қола жүлде үшін өткен шешуші белдесуде италиялық Мануэль Парлатиді 29 секундта жеңіп, ел қоржынына алтыншы медальды салды.
Аталған турнирде кеше қазақстандық 4 дзюдошы жүлдегер атанды. Олардың арасында Талғат Орынбасар (60 кг) мен Ғұсман Қырғызбаев (66 кг) күміс жүлде иеленсе, Аман Бақытжан мен Мағжан Шамшадин (60 кг) қола медальға қол жеткізген еді. Бүгін жүлдегерлер қатарына екі қола жүлдемен Есет Қуанов пен Абылайхан Жұбаназар қосылып отыр.
Абылайхан Жұбаназар Астанада Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды
Оқи отырыңыз
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?