Жаңалықтар

Абылай Мырзахметовтің ұсталуына қатысты істің мән-жайы жарияланды

Абылай Мырзахметовтің ұсталуына қатысты істің мән-жайы жарияланды
Фото: ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі 11.05.2023 11:05 855

Бұған дейін Антикоррупциялық қызметтің «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының экс-төрағасы Абылай Мырзахметовті ұстағанын хабарлағанбыз.

Антикор мәліметінше, ол алаяқтық пен кәсіпкерді оның туысын қылмыстық жауапкершіліктен босатуға жәрдемдескені үшін аса ірі көлемде пара беруге итермелеген деген күдікке ілінген, деп жазады El.kz ақпараттық агенттігі.

Қазір ол Астана қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторында.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша жедел-тергеу іс-шаралары кешені жүргізілуде. Оның басқа да қылмыстарға қатысы туралы ақпарат тексерілуде, - делінген мәліметте.

Тергеу жалғасуда.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға