Жаңалықтар

Абоненттік нөмірін шетелдіктерге берген қазақстандықтар жазаланады – ІІМ өкілі

Абоненттік нөмірін шетелдіктерге берген қазақстандықтар жазаланады – ІІМ өкілі
Фото: © Pixabay.com 20.10.2023 15:00 709

Шетелдік алаяқтарға SIM-карта тіркеуге көмектескен қазақстандықтар құқықтық жауапкершілікке тартылады деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха өз сөзінде шетелден алаяқтардың қалай хабарласатынын түсіндіріп берді. Вице-министрдің айтуынша, оларға дроперлер көмектеседі.

«Ауыстырылатын нөмірлерді бұғаттау жүйесі болса, алаяқтар шетелден қалай қоңырау шала алады?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Мұның екі себебі бар. Біріншісі – олар қазақстандық ұялы байланыс компанияларының нөмірлерін пайдалана бастады. Сол баяғы «дроперлер» ақылы түрде электронды SIM-карталарды өз аттарына тіркеп, оны алаяқтарға береді. Осылайша қылмыскерлер WhatsApp қосымшасында тіркеледі. Оны іске қосқан соң, алаяқтар жәбірленушілерге мессенджер арқылы қоңырау шалады, мұндай жағдайда олардың орналасқан жерін анықтау қиындайды, – деді ведомство өкілі.

Бұған дейін абоненттік нөмірді басқа адамдарға заңсыз бергендерге ешқандай жаза қолданылмай келген. Лепеханың сөзіне қарағанда, енді осындай адамдар да жауапкершілікке тартылады.

Бұл іс жүзінде осындай әрекеттерді кедергісіз іске асыруға мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта бұл олқылық жойылуда. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 637-бабы (Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасын бұзу) осындай әрекеттер үшін құқықтық жауапкершілікті көздейтін 18-тармақпен толықтырылады – деді вице-министр.

Тағы бір жаңашылдық, телефон нөмірін тіркеу кезінде азаматтар «биометриядан» өтуге міндетті болады. Мұндай бастаманы Цифрлық даму министрлігі қолға алып отыр. ІІМ өкілі бұл шараның азаматтық жауапкершілікті арттыратынын алға тартты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға