Жаңалықтар

Абиба Әбужақынова: Мен ешқандай қарсыласымнан қорықпаймын

Абиба Әбужақынова: Мен ешқандай қарсыласымнан қорықпаймын
Фото: ҚР ҰОК 25.09.2023 19:29 388

Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында күміс жүлдегер атанған Абиба Әбужақынова қай белдесу өзіне қиын соққанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мен үшін жартылай финалдағы қарсыласым – Оңтүстік Корея спортшымен белдесу қиын болды. Париж төрінде үшінші орын үшін таласта жеңгенмін. Ыңғайсыз қарсылас, өзі ұрып күресті. Сол үшін де оған ескерту берілді, - деді Абиба.

Сонымен қатар дзюдошы азулы қарсыластарының атынан да қаймықпайтынын алға тартты.

Финалдағы қарсыласымның атағы жер жарып тұр, бірақ мені мұндай атақтар қорқытпайды, - деді спортшы.

Әбужақынова Загребтегі Гран-приде қола үшін таласта жарақат алып қалған, қалпына келуге үш ай уақыт кетіпті. Дзюдошы қыз Азия ойындарына тыңғылықты даярлықпен келгенін айтты.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға