Абиба Абужақынова Португалияда басталған Гран-при жарысының қола жүлдесі үшін күреседі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі дзюдо федерациясына сілтеме жасап.
Португалияның Одивелаш қаласында дзюдодан 2024 жылғы маусымның алғашқы жарысы өтіп жатыр. Гран-при додасында қазақстандық Абиба Абужақынова әйелдер арасында 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлде үшін күресу мүмкіндігіне ие болды.
Отандасымыз жарысты екінші айналымнан бастады және қарсыластары Эмбер Гершесті (Нидерланд), Лаура Эспадинханы (Франция) ұтты. Алайдп ширек финалда жапониялық Кано Миякиге есе жіберді. Ал жұбаныш белдесуінде бельгиялық Лоис Петитті жеңіп, кіші финалға жолдама алып отыр.
Абиба Абужақынова Гран-при жарысының қола жүлдесі үшін күреседі
Оқи отырыңыз
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді