Жаңалықтар

Абиба Әбужақынова әлемдік рейтингте ең үздік 5 дзюдошының қатарына кірді

Абиба Әбужақынова әлемдік рейтингте ең үздік 5 дзюдошының қатарына кірді
Фото: Olympic.kz 13.03.2024 14:25 652

Әбиба Абужақынова әлемдік рейтингте ең үздік 5 дзюдошының қатарына кірді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Күні кеше Өзбекстан астанасы Ташкентте өткен Grand Slam турнирінде күміс медаль иеленген Әбиба Абужақынова әлемдік рейтингте үздік бестіктің қатарына енді. Ол әлемдік рейтингте италиялық Ассунта Скуттодан, француз Ширин Букли мен жапон Нацуми Цунодан кейінжіберіп, 5184 ұпаймен 4-орынға орналасты.

48 келіде белдесетін дзюдошымыз рейтингтің көшін бастап тұрған Ассунта Скуттоға былтыр Дохада өткен әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін белдесуде ұтылып қалған еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға