Абдул-Муғни, Ирислиқой: Қазақстанда 2026 жылы қойылған ең ерекше есімдер

 ©El.kz/Арман Мухатов
Фото: ©El.kz/Арман Мухатов

Қазақстанда 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында дүниеге келген сәбилерге қойылған ең танымал және ең сирек есімдердің тізімі жарияланды.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биыл қыз балалар арасында ең көп қойылған есім – Айлин. Жыл басынан бері бұл есім 1744 нәрестеге берілген. Екінші орында – Асылым (1449), ал үшінші орында – Медина (1235).

Жалпы алғанда, 2026 жылдың алғашқы алты айында жаңа туған сәбилер арасында ең көп қойылған есімдердің ондығына Томирис, Алан, Айша, Аяла, Мариям, Әлихан және Мұхаммед есімдері де енді.

2026 жылдың алғашқы жартыжылдығындағы ең танымал 10 есім:

Айлин – 1744;

Асылым – 1449;

Медина – 1235;

Томирис – 1122;

Алан – 957;

Айша – 913;

Аяла – 867;

Мариям – 796;

Алихан – 792;

Мұхаммед – 791.

Ұл балаларға қойылған ең танымал есімдер

Ұлдар арасында көш басында – Алан есімі. Биыл бұл есім 957 нәрестеге берілген.

Одан кейінгі орындарды Әлихан (792) мен Мұхаммед (791) иеленді. Сондай-ақ ең танымал есімдер қатарына Айсұлтан мен Алдияр да кірді.

Ұл балаларға қойылған ең танымал 10 есім:

Алан – 957;

Алихан – 792;

Мұхаммед – 791;

Айсұлтан – 778;

Алдияр – 715;

Хамза – 688;

Омар – 688;

Альтаир – 649;

Мухаммад – 644;

Әмір – 625.

Қыз балалар арасындағы ең танымал есімдер

Қыздар арасында Айлин есімі ешкімге дес бермей, бірінші орыннан көрінді. Бұл есімді 1744 сәби иеленген. Көш басындағы үштікті Асылым мен Медина толықтырды.

Қыз балаларға қойылған ең танымал 10 есім:

Айлин – 1744;

Асылым – 1449;

Медина – 1234;

Томирис – 1122;

Айша – 913;

Аяла – 867;

Мариям – 795;

Сафия – 773;

Айым – 768;

Әдия – 741.

Бір-ақ рет қойылған ерекше есімдер

Статистикада ерекше назар аударатын тағы бір дерек – елімізде тек бір ғана балаға қойылған сирек есімдер.

Ең сирек кездескен есімдердің қатарында мыналар бар:

Тұрдығали;

Айбарлыхан;

Ай-Шуақ;

Ай Сафия;

Абду Рахим;

Абдуқодир;

Абдуғафур;

Абдусәләм;

Абдул-Муғни;

Абылай-Хан.

Ал қыз балалар арасында биыл тек бір рет қойылған ерекше есімдер мыналар:

Ирислиқой;

Айбану;

Селвин;

Леонэль;

Бегайым;

Ақбата;

Анара;

Аша;

Жанылсын;

Бақыт.

Бұл есімдердің әрқайсысы еліміз бойынша небәрі бір ғана балаға берілген.

Ұлдардың арасында ең сирек есімдер

Ұл балалар арасында да бір рет қана тіркелген есімдер бар. Олар:

Әл-Әли;

Абдуқодир;

Яшар;

Райымхан;

Рузали;

Шерәлі;

Халилла;

Бектілес;

Камранбек;

Ферид.

Аталған есімдердің әрқайсысы 2026 жылдың алғашқы алты айында бір ғана нәрестеге қойылған.

Оқи отырыңыз