Жаңалықтар

«Әбден қорқытты». Ота жасалған Құрманай Бақтиярқызының қазіргі жағдайы белгілі болды

«Әбден қорқытты». Ота жасалған Құрманай Бақтиярқызының қазіргі жағдайы белгілі болды
Фото: instagram.com/kurmanai_bakhtiarkyzy 28.02.2024 11:00 10201

Көпшіліктің сүйікті ақыны Құрманай Бақтиярқызы шұғыл ауруханаға түсіп, ауыр халде жатқаны айтылған еді. Құрманай Бақтиярқызы қазіргі жағдайы туралы өзі айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақ елінің барына, менімен ауырған жанына, маған дұға арнап атқызған таңына шексіз алғыс айтамын. Бүгін парақшамды қолыма алдым. Палатаға шыққалы біраз болса да, қолыма күш енді оралды. Әлсіздік болғанымен көңілім орнында. Алла разылығы үшін бәріңізді жақсы көрем, - деп жазды өнер иесі.

Еске салайық, бір ай бұрын әнші Алтынай Жорабаева белгілі ақын Құрманай Бақтиярқызының ауыр жағдайы туралы айтқан еді. Кейіннен ақынның отадан кейін оянғаны туралы мәлім етті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға