Жаңалықтар

«Абайлаңыздар». Ринат Зайытов көпшілікке маңызды ақпарат айтты

«Абайлаңыздар». Ринат Зайытов көпшілікке маңызды ақпарат айтты
Фото: t.me/mazhilis_kz 26.01.2024 15:00 2791

Мәжіліс депутаты, айтыскер ақын, Ринат Зайытов шығармашылық кешін береді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәжіліс депутаты Instagram парақшасында шығармашылық кешті қалай өткізетінін айтып берді.

Әуелден өнер адамы екенім бәріңізге аян. Бірақ, өмірдің бұралаң жолы мені саясат сахнасына алып келді. Бүгінде әр күнім кешегі көрерменді сағынумен өтеді. Кейінгі он айда есіме түсетін бақытты сәттерім аса көп емес. Сондай сәттердің ең тәттісі осыдан екі жыл бұрын өткен шығармашылық кешім. Содан бері қарбалас жұмыстардан уақыт үнемдеп, сіздермен тағы бір жүздесудің ретін келтіруге барымды салудамын. Шүкір. Оның да орайы келген сияқты, - деп жазды депутат.

Белгілі болғандай, ақпан айының 10-ы күні, Алматыдағы Республика сарайында сағат 19:00-де «Абайлаңыздар» атты музыкалық кеш өтеді.

Кеш-түгелдей жанды дауыста өтеді. Өздеріңізге танылған әндерді Қазақ сахнасының жұлдыздары: Мейрамбек Беспаев, Ғаділбек Жаңай, Заман тобы, Нұржан Шөкенов, Мақпал Исабекова, Ермек Меденов, Бибігүл Қилымхан, Әсет Есжан, Айсауле Қайырғазина, Ұлжан Ағлақова, Нариман Әбдірахманов, Азат Дулатұлы, Құралай Өтепова, Ерсейіт Әлиев және тағы басқа Алатау ансамблінің сүйемелдеуімен орындайды.
Уақыт тауып, келген көрермен өкінбейді. Біз сіздерді сағына күтеміз!, - деп жазды Ринат Зайытов.

Мәжіліс депутаты сөз соңында бұл концертті ұйымдастыруға мемлекет қаржысынан бір тиын да жұмасалмайтынын атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға