Жаңалықтар

Абай облысы әкімінің тағы бір орынбасары тағайындалды

Бұл туралы Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті
Абай облысы әкімінің тағы бір орынбасары тағайындалды
25.07.2022 10:54 2724

Нұрбол Нұрсағатов Абай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды El.kz

«Президент Әкімшілігімен келісе отырып, Абай облысы әкімі Нұрлан Ұранхаевтың өкімі бойынша, Нұрбол Нұрсағатов облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды», - делінген облыс әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Нұрбол Төлегенұлы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Л. Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль жол институтын бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитетінде бастаған.

2008-2011 жылдары Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің құрылыс басқармасы басшысының орынбасары болды.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

ШҚО әкімдігінің көлік және автомобиль жолдары басқармасының, Алматы қалалық құрылыс басқармасының, Нұр-Сұлтан қаласы қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы қызметтерінде тер төкті.

Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр және Алматы аудандарының әкімі болған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға