Жаңалықтар

«Абай жолының» авторын атай алмаған депутаттар масқара болды

«Абай жолының» авторын атай алмаған депутаттар масқара болды
Фото: Видеодан алынған кадр 24.01.2024 13:21 1125

Абай облысының мәслихат депутаты, бұрынғы футболшы Самат Смақов пен елордалық мәслихан депутаты Давид Лория қазақстандықтарды мектеп бағдарламаларындағы сұрақтарға берген жауабымен таңғалдырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан құрамасының бұрынғы футболшысы мен қақпашысы Jibek Joly телеарнасындағы «Жұлдызбысың?» бағдарламасына барған.  

Сценарий бойынша қонақтар алдымен өзі және карьерасы туралы сауалдарға жауап беріп, сонан соң жылдамдыққа арналған викторина өтеді.

Сұрақтар мектеп бағдарламасынан алынған. Дегенмен футболшылар қарапайым сұрақтарға да жауап бере алмай, бұл көпшіліктің ызасын келтірді.

«Абай жолы» роман-эпопеясының авторы кім?», «Абылайханның шын есімі?», «7*0?» деген секілді сауалдардың өзіне қате жауап берілді.

Оқырман қауым футболшыларды депутат етіп сайлаудың қажеті жоқ екендігін жазып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға